АҚ ХАЛАТТЫЛАРҒА 47 КӨЛІК!

Аймақ
Жаңалықтармен бөлісу

Шымкентте «Медицина қызметкерлерінің күні» мерекесіне орай облыс әкімі Жансейіт Түймебаев өңірдегі ауруханалар мен емханаларға 47 жедел – жәрдем қызметіне арналған көліктің кілтін салтанатты түрде табыс етті. Жаңа автокөлік науқасқа алғашқы көмек көрсетуге арналған қажетті құралдармен толық қамтамасыз етілген.

Қазіргі таңда облыстың денсаулық сақтау саласында 7 мыңнан астам дәрігер мен 25 мың мейірбике еңбек етеді

2017 жылы негізгі денсаулық көрсеткіштері өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда жақсарған. Мысалы, өмір сүру ұзақтығы 72,6-дан 72,9 дейін артты. Жалпы өлім-жітім 5,3-тен 5,1 дейін төмендеді, ана өлімінің көрсеткіші 1,5% -ға (ҚР-да 4 орын), нәресте өлімі 13%-ға (ҚР-да 10 орын), туберкулезден болатын өлім 14,8%-ға (ҚР-да 13 орын) төмендеді. Қан айналымы жүйесінің ауруларынан болатын өлім 1,3%-ға (ҚР-да 10 орын) төмендеген. Ал, қатерлі ісіктерден болатын өлім Республикада ең төменгі көрсеткішке ие болып отыр.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *