КӨШІ-ҚОН ҚЫЗМЕТТЕРІ ЖАҢА ОРТАЛЫҚТА КӨРСЕТІЛЕДІ

Аймақ
Жаңалықтармен бөлісу

Шымкент қаласында Көші-қон қызметтерін көрсету орталығы ашылды.

Орталықты ашудағы мақсат — шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және азаматтардың тарапынан жұмсалатын уақытты үнемдеу (3-5 күннен 1 күнге дейін). Орталықта Шымкент қаласы тұрғындарына уақытша тіркеуге келген шетелдіктерді есепке алу және жеке тұлғалардың үй шаруашылығында жұмыс істеуге келген еңбек имигранттарына рұқсат рәсімдеу жұмыстары жүргізілмек.

Бұл орталықта бір терезе қағидасын ұстану үшін Шымкент қаласы Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарының Көші-қон қызметі бөліністерінің қызметкерлеріне керекті жиһаздар, ресепшен, күту залы және терминалдармен жабдықтап, жоғарыда аталған ғимараттың 600 шаршы метр орын бөлінген. Бұдан бөлек, осы орталықта шетелдік еңбек иммигранттарына медицина қызметі, салық органдары, 2-ші деңгейлі банк өкілдерінің және «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы ҚЕАҚ облыс бойынша филиалының қызметкерлерімен мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

2014-2017 жылдар аралығында облыста 178 мың. 253 ТМД елдерінен келген шетелдіктер заңдастырылған. Олардан алдын ала жеке кіріс салығы бойынша бюджетке 971 млн. 166 мың 434 теңге түскен. Биылғы жылдың 5 айында 32 мың 300 шетелдік заңдастырылып, бюджетке 216 млн. 198 мың 722 теңге ақша түскен.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *