ƏЛЕУМЕТТІК ДҮКЕН АШЫЛДЫ

Аймақ
Жаңалықтармен бөлісу

Сайрам ауданының орталығындағы «7Я» сауда орталығының екінші қабатында аудандық Жастар орталығының ұйытқы болуымен «Шарапат» əлеуметтік дүкені ашылды – деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Аталған дүкенді ашудағы мақсат — аз қамтамасыз етілген азаматтарға, отбасыларға, жетім-жесірлерге қолдау көрсету. Дүкендегі киім-кешектер тегін таратылады. Дүкеннің ашылуына аудан əкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев, ақсақалдар мен белсенді жастар қатысты.

— Бұл игі бастама Айт мерекесінің алғашқы күнінде қолға алынып отыр. Біз мұнымен шектеліп қалмаймыз. Алдағы уақытта киімдерден бөлек азық-түлік қоятын боламыз. Ауданымызда жомарт жандар жоқ емес. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші осы игі іске барлығымыз атсалыссақ нұр үстіне нұр болмақ — дейді аудан əкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев.

Өз кезегінде ақсақалдар ақ батасын беріп, сауапты істің жалғасын табатынына сенімдерін білдірді. Естеріңізге сала кетейік, ауданда 1000-нан астам аз қамтылған отбасы бар.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *