ШАҒЫН АУДАН «АСТАНА» ДЕП АТАЛАДЫ

Аймақ
Жаңалықтармен бөлісу

Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай, Шымкентте жаңа «Астана» шағынауданы ашылды – деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Елбасының бастамасымен ашылған «Астана» жаңа шағынауданы мегаполистің орталығында Әкімшілік-іскерлік орталықта орналасқан.
Нысанның салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен қала әкімі Нұрлан Сауранбаев қатысып, көпшілік қауымға арнайы құттықтау лебізін жеткізді.
Тұрғындардың жайлылығы үшін мұнда шағынауданмен аттас гүлзар салынды. Жаңа гүлзардың жалпы аумағы — гектарға жуық. Гүлзар түрлі тұқымдас ағаштармен — шынар, каштан, қайың және түрлі-түсті гүлдермен көмкеріліп, кіші сәулеттік бейнелер қойылған. Балалар ойын алаңшасы да аумақтың әрін ашып тұр.
Сонымен қатар, бұл күні гүлзар маңынан бой көтерген көпқабатты тұрғын үйлерден 15 жанұяға пәтер кілті табыс етілді.
ӘІО аумағында барлығы 90 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Сондай-ақ, 27 көпқабатты үйдің құрылысы жүріп жатыр.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *