ТӨРТ АЙДА 38969 ТОННА СҮТ ӨНДІРІЛГЕН

Аймақ
Жаңалықтармен бөлісу

Шымкенттің іргесіндегі Сайрам ауданының ауылшаруашылық саласы негізінен мал шаруашылығы мен көкөніс өсіруге бақытталған. Оларды қайта өңдеу бағытында да тындырымды тірлік көп.
Мәселен, 2017 жылы аталған ауданда ауылшаруашылығы саласында 58,8 млрд.теңгенің өнімі өндірілген.
Ал, ағымдағы жылдың төрт айында өндірілген өнімнің көлемі 12 млрд.теңгеден асқан. Өткен жылдың осы кезеңінде өнім көлемі 10 млрд.теңгеден сәл-ақ асқан.
Сондай-ақ, ағымдағы жылы 51 110 га жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егіліп, межеленген жоспар 100,6% орындалған.
Аудан бойынша 2018 жылдың 4 айында 209 770 бас ірі қара, оның ішінде 45 778 басы аналық, 72 318 бас жылқы, 123 249 бас қой-ешкі, 5059 бас шошқа, 126 469 бас құс есепке алынып отыр.
Үстіміздегі жылдың 4 айында 8451 тонна ет, 38969 тонна сүт, 5511 мың жұмыртқа өндірілді. 2017 жылмен салыстырғанда ет 127,2 %, сүт 102,9%, жұмыртқа 103 % орындалды, бір сиырдан сауылған сүт 885 кг немесе 2017 жылмен салыстырғанда 100,1 % орындалған.
Жалпы ауданда 917 мал бордақылау алаңдары бар. Осы бордақылау алаңдарына бір мезетте 31000-32000 бас бордақылануда.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *