ЖАҢА МӨЛТЕК АУДАН БОЙ КӨТЕРМЕК

Аймақ
Жаңалықтармен бөлісу

Сансыз бабтар мекені саналатын Сайрам ауданында бірер жылда жаңа мөлтек аудан бой көтермек – деп хабарлайды Сайрам ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Дәурен Дүйсебаев.

Қазіргі таңда Алматылық жобалау мекемесі тарапынан Ақсу ауылының Бас жоспары жасалынып, ол аудандық мәслихаттың шешімімен бекітілген. Бас жоспарға сәйкес, Ақсу ауылындағы 230 Га жер теліміне жасалған егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы өзектендіріліп, көп қабатты тұрғын үйлерді дамыту мақсатында өзгерістер енгізіліп, Сайрам ауданы әкімдігінің Қаулысымен бекітіліп отыр.

Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы бойынша аталған аумаққа 52 дана 5 қабатты, 113 дана 4 қабатты, 57 дана 3 қабатты тұрғын үй, жалпы 222 көпқабатты тұрғын үй (6858 пәтер), 7 балабақша, 3 мектеп, 2 емхана, 1 өрт сөндіру бөлімі құрылыстары жоспарланған.

Айта кету керек, қарастырылып отырған 230 Га жердің 177 иелері бар.  Қазіргі таңда жерлердің құнын анықтау жұмыстарын жүргізілу үстінде. Бұл жұмыс ағымдағы жылдың тамыз айында аяқталуы тиіс көрінеді. Осы процесстен кейін аталған жерлерді мемлекеттің мұқтаждығына алу жұмыстары бастау алмақ. Осылайша, аудандағы өзекті мәселелердің бірі болған пәтер және жер кезегінде тұрған азаматтардың мәселесін шешу көзделіп отыр.

Қазіргі таңда жеке тұрғын үй салу үшін кезекте тұрғандардың саны 11 мың адамнан асса, пәтер кезегінде 1180 адам тұр.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *