«ЗЫҢ» ӘКІМ ҚАЙТЫП КЕЛДІ

Аймақ
Жаңалықтармен бөлісу

Тәуелсіздік алғалы бері Шымкентті талай адам басқарды. Әрқайсысының қалдырып кеткен өз ізі бар. Мәселен, Ғабидолла Әбдірахымов миллионға жуық тұрғыны бар Шымкентке алғашқы рет әкім болып тағайындалғанда «Не тындырады дейсің? Шымкентті басқару оңай дейсің бе? Ұзақ отырмайтын сияқты» деген гу-гу әңгімелердің желдей ескені бар. Алайда, Ғабидолла Рахматоллаұлы көп ұзамай өзінің тың идеяларын жүзеге асыра бастаған кезде әлгі гу-гу әңгімелер су сепкендей басылды.

«Болашақ» бағдарламасының түлегі, талай қызметтерді абыроймен атқарған Ғабидолла Әбдірахымовтың тұсында Шымкент түледі десек артық айтқандық емес. Оның идеялары, бастамалары халықтың өзіне және жұмысына деген құрметін, сүйіспеншілігін арттырғаны рас.

Ғабидолла Рахматоллаұлының соңғы қолға алған ісі, қызметкерлерін қоғамдық көліктерге отырғызу болды. Сәтті бастама. Ондағы мақсат өзіне ұпай жинау емес, кабинетте отырған әріптестерін сыртқа шығарып, халықтың мұң-мұқтажын, ой-пікірлерін, ұсыныстарын, тілектерін білу болатын. Әр сала басшысы біраз уақыт жұмысқа автобуспен барып жүрді. Бұл бастаманы БАҚ өкілдері, әлеуметтік желі белсенділері жарыса жазды, көрсетті. Яғни, бұны әлеуметтік бастама деуге негіз бар.

Айта берсең, Ғабидолла Әбдірахымовтың көптеген игі бастамалары іс жүзінде жүзеге асты. Сондықтан болар, халық оны «Зың әкім» деп атап кетті. Бір өкініштісі, ол Шымкенттің әкімі болып ұзақ отырмады. Астанаға кетіп қалды. Дәлірегі, алып кетті. Жұрт онымен қимай-қимай қоштасты. Оған тіпті ән де арналды.

Қазақта «Ат айналып қазығын табады» деген қанатты сөз бар емес пе? «Зың» әкім қайтып келді. Ол Астана мен Алматы сияқты қалалардың деңгейіндегі ірі мегаполистің әкімі болып тағайындалды. Ел қуанды. Біреулерге бұл тағайындау күтпеген жаңалық болды.

Шымкенттің тыныс-тіршілігін жетік білетін «зың әкім» алдағы уақытта өзі бастап кеткен тың бастамаларды ары қарай жалғастырып, қаланың әлеуметтік-экономикалық ахуалын қазіргіден де жақсартып, Елбасының сенімін ақтайды деген сенім мол.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *